ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті

ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті.

Кездесу барысында еңбек ұжымының құқықтарын сақтау, өндірістік қауіпсіздік, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек жағдайлары, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тетіктері бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

А.Б. Каримов еңбек заңнамасының сақталуына, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен гигиена талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. Өз кезегінде, Н.С. Байсадыков кеніш басшылығы тарапынан барлық заң талаптарының орындалатынын және жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол берілмейтінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізуге уағдаласты.