2025 жылдың 26-шы мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Н. Отарбаев іссапар аясында Ұлытау облысының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылдың 14 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда жасаған баяндамасының негізгі бағыттары талқыланып, ел дамуының стратегиялық басымдықтары бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесуде құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, адам құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі өз баяндамасында құқық қорғау жүйесін жетілдіру, ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту жолындағы бастамалармен бөлісті.