ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің жас түлектерінің мектеп бітіру кешіне қатысты. Іс-шара барысында түлектерді құттықтап, олардың алдағы өмір жолдарына сәттілік тілеп, адам құқықтарының маңыздылығы мен азаматтық жауапкершілік туралы ой қозғады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жас ұрпақтың білімге, әділеттілікке және адамгершілікке негізделген қоғам құрудағы рөлін атап өтті.