Ұлытау ауданының прокурорымен кездесті

Ұлытау ауданының прокурорымен кездесті

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау ауданының прокуроры Рахатов Рахымжан Көшкінбайұлымен кездесті. Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық көмекті жетілдіру және адам құқықтарын бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Тараптар өзара іс-қимылды күшейту, құқық қорғау органдары мен қоғамдық институттар арасындағы тиімді байланыс орнату қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру және халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытындағы бірлескен шараларды жүзеге асыру жоспарланды.