Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Сараптамалық кеңес мүшесі Л.О.Дарханбаевамен бірге Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКҚ-нің 12-бөлімшесіне және 21-бөлімшесіне бару жүргізіп, науқастардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында науқастардың палаталарының жағдайы мен жай-күйі, медициналық қызметтер сапасы зерделенді. Сонымен қатар науқастарға берілетін тағамдар тексерілді. Бару нәтижесімен ұсынымдар тағайындалып, құзырлы органдарға жіберілетін болады.