
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі жанындағы сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға облыстық прокуратураның өкілі, полиция және денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, сондай-ақ сараптамалық кеңес мүшелері қатысты.
Отырысты уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовна ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспар аясында мандатты мекемелерге бару барысында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты аудандық/қалалық полиция бөлімдерінің (басқармаларының) Уақытша ұстау изоляторлары, Арнаулы қабылдау орындары және Қабылдау-бөлу орындарында анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Облыс аумағында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды тіркеу кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтарға қатысты келіп түскен арыз-шағымдарды талқылау.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, анықталған мәселелер бойынша уәкілетті органдарға ұсынымдар жолданатын болады.