Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД №55 мекемесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі, мекеме басшысының тәрбие жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, мекемедегі қызметкерлер және жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу өткізді.
Алдымен өкіл мекеме қызметкерлерімен кездесіп, азаптауғалрға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды болдырмау, сотталғандардың өтініштерінің адресатқа дер кезінде жолдануы туралы нақты ұсыныстар айтты.
Өкілдік жанынан құрылған сараптамалық кеңестің 9 айлық отырысында қаралған ұсынымдардың орындалуын бақылау мақсатында, сотталғандармен кездесіп, электронды өтініштер беру үшін терминалдарды қолдануы бойынша жазасын өтеушілердің пікірлері, арыз-шағымдары, өтініштерін тыңдады.
Сотталғандардың басым көпшілігі шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға (ЖМН) ауыстыру бойынша жазған өтінішхаттарының әртүрлі себептермен қабылданбауына және қанағаттанбауына кеңінен шағымданды.
Өтінімдерді қабылдамау немесе қанағаттандырмау туралы шешімдер әділ болуы керектігі, теңгерімсіздіктерді жоюдың және оған жетудің әртүрлі заңды жолдары туралы Өкіл сотталғандарға түсіндірді.