Өкіл шетел азаматшасының құқықтарын қорғау үшін бірлескен қабылдау өткізді

Өкіл шетел азаматшасының құқықтарын қорғау үшін бірлескен қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңның негізгі мақсаты болып табылады. Осы орайда Өкіл Босния және Герцеговина мемлекетінің азаматшасын ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша Департаменті Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасының «Шымкент» (авиациялық) шекаралық бақылау бөлімшесі басшысымен және SCAT әуе компаниясы өкілдерімен бірлесіп қабылдады.

Жеке қабылдау барысында алынған шетел азаматшасының бұзылған құқықтары туралы әуе компанияға қатысты жазбаша шағымы бойынша құзырлы органдарға ұсыным жолданды.

Шетел азаматшасының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде атсалысқан ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша Департаменті Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасының «Шымкент» (авиациялық) шекаралық бақылау бөлімшесінің басшылығына және Түркістан облысы полиция департаментінің Көші-қон полиция басқармасының басшылығына алғысымызды білдіреміз!