Өкіл дөңгелек үстелге қатысты

Өкіл дөңгелек үстелге қатысты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдің қатысуымен Кентау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен Сайрам ауданының колледж студенттері «Қазақстан жастарының БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге онлайн түрінде қатысты.

Іс-шара жастардың қоғамды дамытудағы белсенді рөлі, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетудегі олардың нақты бастамалары мен идеялары кеңінен талқыланды. Қатысушылар жастардың экологиялық жобаларға, инклюзия мен білім беру саласындағы бағдарламаларға, волонтерлік қызметке және адам құқықтарын қорғау бағытындағы бастамаларға қосып жатқан үлестерін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында қазақстандық жастардың халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы, олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңа мүмкіндіктері сөз болды. Мұндай пікірталастар жас буынның азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың бастамаларына қолдау көрсетуге және жаһандық мақсаттарға жетуге өз септігін тигізетіні айтылды.