Кентау тұрғынының еңбек дауы бойынша бірлескен қабылдау өтті

Кентау тұрғынының еңбек дауы бойынша бірлескен қабылдау өтті

Бүгін облыстық прокуратурада Кентау қаласы тұрғынының еңбек дауы бойынша шағымы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілімен, облыстық прокуратураның салалық құрылым басшысымен және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілімен бірлескен қабылдау өткізілді. Көбінесе адамдар кездесуге өз құқықтары туралы, қайда жүгінуге болатындығы туралы білмей келеді. Сондықтан адамды тыңдап, оған егжей-тегжейлі және түсінікті кеңес беру өте маңызды, ал құзырлы мемлекеттік органдардың бірлесіп атқарған жұмыстары, мәселенің жедел шешілуіне негіз болады.