ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі жанынан құрылған сараптамалық кеңестің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар күн тәртібінде:
1.Шымкент және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД №55 мекемесіндегі сотталғандардың Бас прокуратураның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған терминалдары арқылы электронды форматта арыз-шағым беру құқықтарын жүзеге асыру;
2.Қоғамдағы әлеуметтік осал топтардың бірі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың іргелі құқықтарының қорғалуы, тұрғын үймен тегін қамтамасыз етудегі мемлекеттік кепілдіктердің 2022-2024 жылдар аралығында Түркістан облысында орындалуы бойынша жұмыстары қаралды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі жанынан құрылған сараптамалық кеңеске Наталья Кожабекова төрағалық еткен жиынға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты “№55 мекеменің” басшы орынбасары Адилбекова Айнур Багланбековна, Түркістан облысының білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Босымбаев Даурен Абдикаримович және кеңес мүшелері қатысып, баяндама жасады.
Аталған сараптамалық кеңес отырысына күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.