"Шұғыла" оңалту орталығында 3-18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар ем қабылдайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Мұнда 90 балаға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілмек. Оның 60-ы стационарлық, 30-жартылай стационарлық негізде. Орталық 8 бағыт бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, мәдени, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетеді.