Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі сараптамалық кеңес сарапшысы "ALGA GROUP" - заң кеңсесінің бас директоры Амантаева Алия Алгабекқызымен бірге Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-на бару жүргізіп, науқастардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында науқастардың палаталарының жағдайы мен жай-күйі, медициналық қызметтер сапасы зерделенді.
Сонымен қатар науқастарға берілетін тағамдар тексерілді. Бару нәтижесімен ұсынымдар тағайындалып, құзырлы органдарға жіберілетін болады.