ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЙЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЙЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Түркістанда 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айға созылатын акцияның ашылу салтанаты өтті. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов және спортшылар сөз сөйлеп, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Аталған іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н.Құдайберген қатысты.