№66 мекемесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

№66 мекемесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді
✅️ Жүйелі негізде облыс аумағындағы ҚАЖК мекемелеріне мониторинг жүргізіледі, оның ішінде гигиена мен санитария талаптарына сәйкес жағдайлар жасау мәселелері де қамтылады.
Сотталғандардың құқықтарын бұзу туралы шағымдар дәстүрлі түрде ең көп түсетін өтініштер қатарына кіреді. 2024 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдеріне 1181 өтініш келіп түсті.
№66 мекемесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, камералар араланып, тергеу-қамауға алынғандармен, сотталғандармен әңгімелесу жүргізілді.
Мекеме басшылығымен бірге ұсталған адамдарды тамақпен қамтамасыз ету, құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
📌 Естеріңізге сала кетейін, 2024 жылғы наурызда Ішкі істер министрінің «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы басқа түзеу мекемесіне ауыстыру кезегіне қою тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін жаңа тараумен толықтырылды. Тізімге енгізудің негізгі факторлары сотталған адамның тәртібі және сотталған адам әлеуметтік байланыста болатын адамның жергілікті жерде нақты тұруы болып табылады.
Жазаны орындау жүйесі одан әрі жаңғыртуды қажет етеді, бұл ретте халықаралық стандарттардың сақталуына, медициналық және тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсартуға, сотталғандарды еңбекке және әлеуметтік бейімделуге ынталандыруға баса назар аудару қажет.