
Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен әйелдердің, соның ішінде балалы әйелдер мен жүкті әйелдердің ұсталуының жағдайын жетілдіру мәселелері талқыланды. Құзыретті органдардың ақпараты тыңдалды.
Қазақстанда ҚР ІІМ ҚАЖК №10 мекемесінің аумағында орналасқан балалар үйі бар, онда аналар жұмыстан бос уақытында балаларды шектеусіз көре алады. Сотталған әйелдердің баласымен бірге тұруына бала үш жасқа толғанға дейін рұқсат етіледі.
Сотталғандар кездесетін мәселелердің қатарында мекемелердің толып кетуі және аналар мен балалар үшін қолайлы жағдайлар қажет екенін атап өттім. Мекемелерді аралағанда сотталғандармен әңгімелер өткізіліп, жеке қабылдаулар ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың 2025 жылғы 14 наурыздағы төртінші отырысында кәмелетке толмаған балалары бар бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдерге қатысты заңдық тәсілдерді қайта қарау мәселесін зерделеуді тапсырған болатын.