
СҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетің департаментінің және СҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда департаментінің қызметкерлерімен кездесуде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алу туралы айтылды.
Қазақстанда ерлер мен әйелдердің құқықтарының толық теңдігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілетіні, кемсітудің барлық түрлерін жоюға бағытталғаны атап өтілді. 2024–2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспары Үкіметпен бекітілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасы құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары туралы хабардарлықты арттырудағы маңызды қадам болды.
Құқықтық қорғану тетіктері, көмекке қайда жүгіну қажет және қауіпті жағдайға тап болған адамдарға қалай қолдау көрсету керектігі талқыланды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.