Сотталған әйелдердің құқықтарын сақтау шарттарына мониторинг жүргізілді

Сотталған әйелдердің құқықтарын сақтау шарттарына мониторинг жүргізілді
✅️ СҚО бойынша қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасымен, ҚАЖ департаментімен бірлесіп №50 мекемеге бардым.
Сотталғандарды ұстауға жағдай жасау, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру, жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша сотталғандармен кездесу өткізілді. Моншаға бардым. Шағымдар мен өтініштер беруге арналған терминалдардың жұмыс жарамдылығы тексерілді.
Жас балалары бар әйелдермен әңгімелестім.
Жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың 2025 жылғы 14 наурыздағы төртінші отырысында кәмелетке толмаған балалары бар бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдерге қатысты заңды тәсілдерді қайта қарау мәселесін зерделеп, ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.