
Қабылдау-тарату орындары тұрақты мекенжайы жоқ және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, егер олардың әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың белгілері болмаса және жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған жағдайда, қабылдау және ұстау үшін арналған.
Барған кезде қабылдау-тарату орнында 30 азамат болған, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, олардың ішінде шетелдіктер де бар. Ғимараттар санитариялық-гигиеналық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы, адамдарды қауіпсіз ұстауға жарамды болуы тиіс.
Ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуымен және іске асырылуымен таныстық. Қабылдау-тарату орнының басшысына және медициналық қызметкерге санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.
Тамақты жылыту бөлмесі, тамақ беру тізімі, душ, су тазарту сүзгілері бар. Ішкі қоршалған серуен ауласы тексерілді.
Қабылдау-тарату орнына барудың іс-шарасы ҰАТ қатысушыларымен бірге өткізілді.