Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес
✅️ Азаматтардың қолайлы ортаға құқығы Республика Конституциясында бекітілген. Негізгі Заңның 31-бабының 1-тармағында: "Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді"делінген. Бұл конституциялық ереже Экологиялық кодексте одан әрі дамыды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы таза және сау ортаға қол жеткізуді әмбебап адам құқығы деп жариялады. Адамдар "сапасы лайықты және гүлденген өмір сүруге мүмкіндік беретін қоршаған ортаға"түбегейлі құқылы. Адам денсаулығы қоршаған ортаның денсаулығына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық негізде әрекет ететін кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің міндеттері мен бағыттары уәкілдің өкіліне өз өкілеттіктерін іске асыруда консультациялық-талдамалық көмек көрсету, Қызметтің негізгі бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілді, оның қарауына қоршаған ортаның сапасы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі мәселелері енгізілді.
✅️ Экологиялық проблемалардың тізбесі қаралды: облыста пайдаланылған уран кен орындарының болуы, Петропавл қаласындағы ҚТҚ полигонының пайдалану мерзімінің шектелуі, атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластануы.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ыңғайлы @TazaQazBot телеграм-чат-боты арқылы қала және экология мәселелері туралы өтінімдер берудің жаңа сервисін әзірледі.
Экологиялық мінез-құлық, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, сұрыптау, қоқысты контейнерлерден жою үшін арнайы полигондарға уақтылы тасымалдау, оның ішінде Петропавл қаласынан қалдықтарды дұрыс, уақтылы шығаруға ықпал ететін процесті автоматтандыру мәселелері талқыланды.
Облыс және Петропавл қаласының әкімдіктеріне ұсынымдар енгізілді.