
ҰАТ БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясының Факультативтік хаттамасына сәйкес құрылған және әлемнің көптеген мемлекеттерінде азаптаудың, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға бағытталған тәуелсіз тетік ретінде жұмыс істейді. Қазақстанда ҰАТ жабық үлгідегі мекемелерге тұрақты түрде превентивтік барулар жүргізіп, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.