Адам құқықтары тақырыбы — бұл тек теория емес, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл сапасын айқындайтын қолданбалы құрал.
Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу барысында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан бастау алатын халықаралық стандарттардың біздің Конституциямыздың негізіне қалай айналғанын талқыладық.
Әңгіме барысында ұлттық заңнаманың негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, азаматтардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін түсіндірдім, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз етудегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты мен ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) рөлін айқындадым. Қазақстанда ең жоғары құндылықтар ретінде адам, оның өмірі мен бостандықтары танылғанын бөлек атап өттім.
Сонымен қатар Омбудсмен өкілдері мен ҰПТ топтары полиция бөлімдерінен бастап интернат үйлеріне дейінгі жабық мекемелерде тұрақты мониторинг жүргізіп, тіпті оқшаулау жағдайында да адамның қадір-қасиетінің сақталуын қамтамасыз ететінін атап өттім. Жастарды құқық қорғау күн тәртібіне тартудың маңыздылығын көрсетіп, студент жастардың мәселелерін ұлттық деңгейде жеткізуге арналған алаң ретінде Уәкіл жанындағы Жастар комиссиясының қызметі туралы ақпарат бердім.
Жауапкершілік мәселесіне де ерекше назар аудардым: буллинг, «жасырын жеткізу» арқылы есірткі бизнесіне тартылу және қаржылық алаяқтыққа (дропперлікке) қатысу сияқты қазіргі заман сын-қатерлерімен байланысты тәуекелдерді атап өттім. Мұндай әрекеттердің елеулі құқықтық салдары бар екенін түсіндіріп, бір сәттік пайда болашаққа орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін ерекше атап өттім.