Солтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткіздім. Кездесу барысында адам құқықтарын құқықтық мемлекеттің іргелі негізі әрі тұлға мен билік арасындағы өзара іс-қимылды реттейтін стандарттар жүйесі ретінде айқындадым.
Сөз сөйлеу барысында халықаралық актілер мен Қазақстан Республикасының Конституциясы кез келген мемлекеттік-құқықтық шешімдердің заңдылығын айқындайтын нақты тетік екенін атап өттім. Ратификацияланған құжаттар негізінде ұлттық заңнамада бекітілген адамның қадір-қасиеті мен қауіпсіздігін қорғау – негізгі құқықтық құндылық екенін ерекше атап өттім.
Құқықтар мен бостандықтарды шектеудің құқықтық қағидаттары туралы ақпарат бердім, оның ішінде жүріп-тұру бостандығы мен жеке басының қол сұғылмаушылығы мәселелеріне тоқталдым. Кез келген билік өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде заңдылық, негізділік және тепе-теңдік (пропорционалдық) талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірдім. Кез келген белгі бойынша кемсітушілікке жол берілмейтінін, ал мәжбүрлеу шаралары тек құқықтық алаңда және объективті қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс екенін атап өттім.
Кездесу соңында Ұлттық превентивтік тетік пен Омбудсмен институтының мамандандырылған мекемелерде азаматтардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу жөніндегі қызметі туралы баяндадым. Кәсіби стандарттарды сақтау мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өттім. Құқықтық алаңды білу кез келген даулы жағдайда қызметкердің өз құқықтық қорғалуына кепіл болатынын жеткіздім.