Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып келу

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып келу
Бұл ұйым қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерді қабылдауды және оларды уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді. Сапар барысында мекеменің инфрақұрылымын қарап шығып, салалық мамандармен кездесулер өткіздім.
Тұрмыстық блокты қарадым: жатын бөлмелер (қыздарға арналған 4, ұлдарға арналған 3), сондай-ақ изолятор, кір жуу және үтіктеу бөлмелері. Тамақтандыру жүйесінің ұйымдастырылуын, киім-кешекпен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілуін және медициналық кабинеттің жұмысын зерделедім. Бұл бағыттардың барлығы балалардың орталықта болған кезеңдегі тіршілік жағдайларын қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады.
Кәсіби диалог аясында әлеуметтік педагогтар мен психологтардың жұмыс ерекшеліктерін талқыладым. Аталған мамандардың қызметі тәрбиеленушілердің эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, дағдарыстық ахуалдарды еңсеруіне және жоғалған әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу әрбір баланың алдағы өмірлік бағытын айқындаудың негізін құрайды.
Сондай-ақ орталықта орналасқан балалармен (22 бала) тілдесіп, олардың күнделікті бос уақытын өткізу жағдайлары мен жалпы ахуалды бағаладым. Мекеме қызметі кешенді тәсілді талап етеді, онда әкімшілік міндеттер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған оңалту және тәрбиелік жұмыстармен тығыз ұштасады.
Бірқатар мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.