«ТМД елдеріндегі Денсаулық және адам құқықтары апталығы» халықаралық акциясы аясында Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары және қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, сондай-ақ аудандық емхананың медицина қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесу барысында денсаулыққа құқықты қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі, сондай-ақ егде жастағы азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды. Қызмет алушыларға медициналық қызмет көрсету, аурулардың алдын алу және әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта ұйымда барлығы 222 адам қызмет алады. Қамқорлықтағы азаматтармен әңгімелесу барысында оларға құрметпен қарау, лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ету және халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік салада адам құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.