Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдау

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдау
2026 жылғы 6 сәуірде сағат 10:00-де №1 қалалық емхана филиалының ғимаратында (Петропавл қ., Жас Өркен ш-а, Иван Порфирьев к-сі, 55) денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдау өтеді.
Аталған іс-шара «ТМД елдеріндегі Денсаулық және адам құқықтары апталығы» халықаралық акциясы аясында өткізіледі және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық кепілдіктерді, оның ішінде сапалы медициналық көмекке қол жеткізу мен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған.
ТМД елдерінде Денсаулық сақтау жылы жағдайында мемлекеттік органдар мен құқық қорғау институттарының күш-жігерін біріктіру пациенттердің құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
Қабылдауға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығы және облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа білікті құқықтық көмек көрсету, медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ азаматтардың, оның ішінде халықтың осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Қала және облыс тұрғындарын аталған қабылдауға қатысып, денсаулық сақтау және құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алуға шақырамыз.