Бас бостандығынан айырылған адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету – мемлекеттің тікелей міндеті болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық-атқару заңнамасына, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде БҰҰ-ның сотталғандармен қарым-қатынас жасауға қатысты ең төменгі стандарттық ережелеріне (Нельсон Мандела ережелері), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Сараптамалық кеңестің отырысы өткізіліп, онда сотталғандарды ұстаудың заңды жағдайларын қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, білім алуға қолжетімділік, туыстарымен байланыс мәселелері қаралды.
Сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін шешу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді, бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі мен азаматтық қызметтер арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық тетіктері әрдайым туындайтын мәселелерді жедел әрі тиімді шешуді қамтамасыз ете бермейтіні көрсетілді.
Жекелеген мекемелердің инфрақұрылымының тозуы сақталып отырғаны, инженерлік жүйелерді жаңғырту және тиісті санитарлық жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі, оның ішінде №66 мекеме бойынша да атап өтілді.
Уақтылы әрі сапалы медициналық көмекке, оның ішінде мамандандырылған тексеру мен емдеуге қолжетімділік бірқатар жағдайларда ҚАЖ мекемелері мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігімен, мекемелердің медициналық бөлімшелеріндегі кадрлық шектеулермен, сондай-ақ сотталғандарды бейінді медициналық ұйымдарға жіберу кезіндегі ұйымдастырушылық кедергілермен қиындайтыны атап өтілді.
Білім беру бағдарламаларының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мен қайталама қылмыстылықтың алдын алудың негізгі элементі ретіндегі маңыздылығы белгіленді. Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелеріндегі білім беру бөлімшелерінің қолданыстағы материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтуды қажет ететіні көрсетілді.
Кешенді ведомствоаралық ден қоюды күшейту шеңберінде ұсынымдар әзірленді.