Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі конституциялық өкілеттіктерді іске асыру аясында Петропавл қаласындағы қабылдау-тарату орнына бардым.
Тұрақты мекенжайы мен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстауға арналған арнайы мекемеге сапардың мақсаты – олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын тексеру болды.
Мониторинг барысында қабылдау-тарату орнында орналасқан 17 азаматпен әңгімелесу жүргізілді, бұл әрбір адамның құқықтық қорғалу деңгейін объективті бағалауға және олардың ар-намысы мен қадір-қасиетінің бұзылу фактілерін болдырмауға мүмкіндік берді. Жеке қабылдау және мекеме қамқорлығындағы адамдармен тікелей диалог Омбудсмен мандатының маңызды құралы болып табылады, ол арнайы мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұрмыстық инфрақұрылым мен азаматтардың болу жағдайлары, душ бөлмелері, ауыз суды сүзгілеу жүйелері және серуендеу алаңы қаралды. Ерекше назар ұсталатын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуге аударылып, медициналық бөлімнің жұмыс тәртібі және дәрілік қамтамасыз ету зерделенді.
Сапар қорытындысы бойынша қабылдау-тарату орнының басшысына және медицина қызметкеріне нақты ұсынымдар енгізілді. Ұсынымдар санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын бақылауды күшейтуге және халықтың осал санаттарының құқықтарының бұзылуының алдын алуға бағытталған.
Іс-шара Ұлттық превентивтік тетік қатысушыларының қатысуымен өткізілді.