Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу
Балалар құқықтарын қорғау
✅️ Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған кездесуге қатыстым. Балалар — ең осал санат. Көп жағдайда олар өз құқықтарын білмейді, оларды өз бетінше қорғай алмайды немесе жүйеден қорқады.
2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының қабылданғаны және заңнаманың қатаңдатылғаны туралы хабардар еттім, сондай-ақ тәуекелі жоғары негізгі проблемалық бағыттар атап өтілді.
Баяндама барысында қазіргі заманғы орта жаңа сын-қатерлерді туындататынын жеткіздім. Интернет кеңістігіндегі әрбір құқық бұзушылық — кибербуллинг немесе деструктивті топтарға тарту — дәстүрлі бақылау тетіктері тиімсіз болып отырған «көрінбейтін» қауіп алаңы екенін атап өттім. Сонымен қатар мектеп ортасындағы жанжалдар да алаңдаушылық туғызатыны айтылды.
Ведомствоаралық деңгейде шешуді талап ететін жүйелі мәселелер белгіленді. Атап айтқанда, кадр тапшылығы: қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарына түсетін жүктеме жоғары күйінде қалып отыр, бұл жергілікті деңгейде жұмыстың сапасына кері әсер етеді. Ведомствоаралық үйлестірудің әлсіздігі де атап өтілді, оны шешу мақсатында 2027 жылдан бастап «Бала жолы» цифрлық жүйесін енгізу жоспарлануда.
Әлеуметтік кепілдіктер мәселелері де қозғалды. Алимент өндіру, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және балалар инфрақұрылымының қауіпсіздігі ерекше бақылауда.