
Уәлиханов ауданында уақытша ұстау изоляторының болмауы ұсталған азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін шектейтіні, туыстарымен байланыс жасау мүмкіндігінің қиындайтыны атап өтілді. Бұл жағдай құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, процестік нормалардың сақталуына және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға байланысты елеулі қиындықтар туындатады.