Еліміздің стратегиялық мақсаттарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы адам құқықтарының негізгі қағидаттарын белсенді түрде қолдап, дамытып келеді, әрбір азаматқа Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қазақстан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге бейілді. Әрбір азаматтың пікір білдіру еркіндігіне, өз мүдделерін қорғауға құқығы бар, сондай-ақ заң алдында теңдік қағидаты қамтамасыз етіледі.
Істерді әділ әрі ашық қарауға, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге және өз бетінше әрекеттерден қорғауға бағытталған құқықтық жүйе нығайтылуда. Халықтың неғұрлым осал топтарының — әйелдердің, балалардың, мүгедектігі бар адамдардың және қарттардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады. Оларды қолдау мен қоғамға кіріктіруге арналған бағдарламалар енгізілуде.
Әрбір азаматқа өз мүдделерін қорғау және қоғамның дамуына ықпал ету арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу мүмкіндігі беріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан адам құқықтарын құрметтеуге және әрбір азаматтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ішкі саясатты одан әрі нығайтуда. Біз әділдік, адалдық және теңдік жай ғана сөз емес, негізгі құндылықтар болатын қоғамға ұмтыламыз.
Жанат Жұмабаев
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі