
Тайынша және Аққайың аудандарының полиция бөлімдерінде уақытша ұстау изоляторларын (УҰИ), сондай-ақ әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға арналған бөлмелерді араладым. Барлық ұсталған азаматтармен, оның ішінде тергеу-қамауда отырған адамдармен әңгімелестім. Кездесулер барысында тамақтану мәселелері, ұстау жағдайлары мен мекемеге орналастырудың негіздері талқыланды.
Медициналық қызметкерлермен жеткізілген азаматтарға санитариялық және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша пікір алмастық.