Пункттердің орын-жайларын қарап шығып, учаскелік полиция инспекторларымен азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру, азаматтарды құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы ақпараттандыру және құқықтық ағарту, қоғамдық бақылау жүйесін дамыту, мемлекеттік органдармен және азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық.
Учаскелік инспекторлар профилактикалық есепте тұрған - алкогольді асыра пайдаланатын шартты мерзімі бар және пробациялық бақылаудағы тұлғалармен жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлады.
Ұсталған тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін тіркеуге арналған техникалық құралдардың, сондай-ақ қызметтік автокөліктің болуы атап өтілді.
Ауылдарда бейнебақылау камераларының болуына назар аударылды.
Полиция пункттерінде жеткізілген адамдарға арналған үй-жай қарастырылмаған.
Естеріңізге сала кетейін, тұрғындарды әкімшілік учаскедегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ақпараттандыру, оның қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында тоқсанына кемінде бір рет халықпен есептік кездесулер өткізіледі.