«Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: ашық сөйлесеміз» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысу

«Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: ашық сөйлесеміз» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысу
✅️ Балалардың мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары – олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, кемсітушілікке жол бермеу, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға уәкілетті органдар мен ұйымдарды құру, сондай-ақ балалардың физикалық, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғыдан дамуына ықпал ету.
✅️ 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны аясында «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: ашық сөйлесеміз» атты дөңгелек үстел жұмысына қатыстым.
Адам құқықтарын қорғау – демократиялық құндылықтар мен заң үстемдігі принциптеріне адалдықты білдіретін заманауи мемлекеттің негізгі міндеті екенін атап өттім.
Баланың құқықтары туралы заң балалардың мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіруге қосымша құқықтық негіз қалыптастырады. Конституция әрбір адамның абыройы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік береді.
Цифрлық кеңістіктегі қауіптерге – балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігіне, компьютерлік ойындарға тәуелділігіне, жасөспірімдерді нашақорлық сияқты жағымсыз құбылыстардан қорғауға және буллингтің алдын алу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
✅️ Кибербуллингтің, қорқыту мен қудалаудың, жеке деректерді тарату, қорлау, жалған аккаунттар ашу, келісімсіз фото/видео жариялау сияқты әрекеттердің – психологиялық зиян келтіретін нақты зорлық-зомбылық түрі екенін хабарладым.