Петропавл қаласындағы «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып келу

Петропавл қаласындағы «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып келу
✅️ Петропавл қаласындағы «Арман» балаларды әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы мәселелері бойынша бардым.
Орталықтың жобалық қуаттылығы – 14 төсек-орын (барған сәтте 11 қызмет алушы болды). Қозғалыс-тірек аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар Петропавл қаласының №13 мектебінде инклюзивті оқыту әдісі бойынша білім алады.
Мекемеде бейнебақылау жүйесі орнатылып, жұмыс істейді. Қызмет көрсету кабинеттерін, автокөлікті, асхананы, тұрмыстық блокты қарап шықтым. Балалармен әңгімелестім.
✅️ Естеріңізге сала кетейін, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қызмет алушыларға мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктері аясында тағайындалады. Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін мектептегі оқу кезеңін ескере отырып, ұзақ мерзімді оңалту іс-шараларын алу үшін уақытша тұру жағдайында Орталықта тұрады. Мүгедектік пен күтім бойынша жәрдемақылар балалардың ата-аналарына, заңды өкілдері ретінде, тұрғылықты жері бойынша төленеді.