Психикалық денсаулық орталығында стационарлық, стационар-орнын басатын және амбулаториялық жағдайларда психикалық бұзылыстары бар тұлғаларға мамандандырылған білікті ем-диагностикалық, консультациялық, профилактикалық көмек және әлеуметтік-еңбек реабилитациясы көрсетіледі.

Әйелдерге арналған психиатриялық, балалар және наркологиялық бөлімдерді аралап, жасалған жағдайларды қарап шықтым, тамақтану, асхана жұмыс істеу тәртібі, медициналық көмектің көрсетілуі мәселелерін талқыладық.
Гигиена бөлмелері мен ұйықтайтын орындардың жай-күйіне назар аударылды. Пациенттермен, бөлім меңгерушелерімен сөйлестім.
Пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтер аясында туындайтын шағымдар мен өтініштерді қарауға арналған пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 175-бабында психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Міндетті түрде госпитализациялау мен стационарда болу кезінде физикалық шектеу және оқшаулау шаралары тек сол жағдайларда, формада және сол мерзімге қолданылуы мүмкін, егер психиатр-дәрігердің пікірінше басқа әдістермен госпитализацияланған адамның әрекеттерін, ол өзі немесе басқалар үшін тікелей қауіп төндіретін болса, және олар медициналық персоналдың тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады.

Физикалық шектеу немесе оқшаулау шараларын қолдану формасы мен уақыты медициналық құжаттарда жазылып, оның заңды өкілін хабардар ету міндеті қарастырылған.