Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатына барып келу

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатына барып келу
✅️ Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатына бардым.
Ұйықтайтын орындардың жай-күйімен, тамақ тарату және қабылдау жағдайларымен, санитарлық-гигиеналық ахуалмен таныстым. Балалармен, тәрбиешілермен және ата-аналармен әңгіме жүргізілді.
Мектеп басшылығымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен әлеуметтенуіне жағдай жасау, қолайлы және қолжетімді ортада білім алуын қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру, қатыгез қарым-қатынастың жолын кесу мәселелерін талқыладық. Медициналық блок жұмыс істейді, бейнебақылау жүйесі қолданыста.
🚦Ақпараттық бейнеэкранда жедел қызметтердің байланыс деректері, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кешенді көмек көрсететін 111 қызметінің Байланыс орталығының нөмірі, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілінің байланыс деректері орналастырылған.
Сапар Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларымен бірлесіп өткізілді.
📌 Естеріңізге сала кетейін, «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы» Заң дамуында кемшіліктері бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіптік даярлауға байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған.