Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Кеңесте білім алу құқығын іске асыру мәселелері қаралды. Инклюзивті білім беру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, ата-аналар мен педагогтарды қолдау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға бірқатар ұсынымдар жолданды.