
Облыстық ветеринариялық станциялар мен ветеринария басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметіндегі негізгі бағыттар мен басымдықтар туралы айтылып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, құқықтық ағарту ісіне жәрдемдесу, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің халықаралық адам құқықтары ұйымдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі қызметі атап өтілді.
Азаптаулар үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде отандық заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкес келтіру саласында ауқымды жұмыс жүргізілгені атап өтілді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарына кепілдіктер мәселелері талқыланды. Оған құқықтық және әлеуметтік қорғау, еңбек пен денсаулықты қорғау, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау, сондай-ақ, жеке қадір-қасиетке құрметпен қарау және басшылық пен өзге де тұлғалар тарапынан әділ қарым-қатынас құқығы кіреді.