
Халықтың құқықтық мәдениеті қоғамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады және мемлекетте заңдылық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Кездесу барысында облыстық архив және мәдениет қызметкерлеріне Қазақстандағы Омбудсмен институтының қызмет бағыттары, конституциялық реформа аясында орын алған өзгерістер туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары саласындағы 70-тен астам халықаралық келісімнің қатысушысы бола отырып, ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарды жүйелі түрде енгізеді, бұл елдің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға дәйекті ұмтылысын айғақтайды. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде мемлекеттің өзіне қабылдаған міндеттемелерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
Адамның азаптаулар мен қатыгездікке қарсы қорғалуға құқығы ажырамас әрі абсолюттік құқық екендігі, бұл құқық «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» және Қазақстан қосылған «Азаптауларға қарсы конвенцияда», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде» және «Азаптауларға қарсы конвенцияға факультативтік хаттамада» бекітілгені атап өтілді.

Адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы сигналдарға жедел ден қою мақсатында тәуелсіз сарапшылардың мандатты мекемелерді тұрақты мониторингілеу жүйесі ретінде ұлттық алдын алу тетігінің рөлі белгіленді.

Уәкілдің зерттеу қызметі азаматтардың құқықтары мен қоғамның сұраныстарын іске асыруда заңның үстемдігін одан әрі қамтамасыз ету тұрғысынан өзекті екендігі айтылды.
Іс-шара аудандық бөлімшелердің қатысуымен, қызмет бағыттары бойынша онлайн және офлайн форматта өткізілді.