Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларының туыстары және қоғамдық кеңес мүшелерімен онлайн кездесу

Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларының туыстары және қоғамдық кеңес мүшелерімен онлайн кездесу
✅️ Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларының туыстары және қоғамдық кеңес мүшелерімен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері талқыланды.
Омбудсмен институтының өкілеттігі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Адам құқықтары саласында тәуелсіз мониторингті жүргізе отырып, бар проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша ұсынымдар енгізілетіні атап өттілді. Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу мәселелері маңызды бағыт болып табылады.
2013 жылы Қазақстан азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады және елде ұлттық алдын алу тетігі құрылды. Оның негізгі мақсаты-азаматтық қоғам өкілдерінің жабық мекемелерге тәуелсіз баруы арқылы азаптаудың алдын алу.
📌 Қоғамдық кеңес өкілдері арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге қатысатынын және мекеме шешім қабылдауда қоғамдық пікірдің есепке алуы маңызды екенін атап өтті.