
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заңына сәйкес Аққайың және Тайынша аудандарының полиция бөлімдерінің уақытша ұстау изоляторларына бардым.
Уақытша ұстау изоляторларында дайын тағамды жылытуға арналған бөлмелер жабдықталған (күніне 3 рет жеткізіледі), ыдыс-аяқ, фельдшер кабинеті бар, ұстаудың ең төменгі шарттары жасалған. Ұсталған азаматтармен әңгімелесу өткізілді.
Тайынша ауданының полиция бөлімі УҰИ-ның бару қорытындысы бойынша үй-жайлардағы санитарлық жағдайды, ыстық тамақты жеткізу бойынша жасалған шарттарды орындау шеңберінде тамақтың сапасын бақылауды қамтамасыз ету, кереуеттердің өтпелі металл жабындарын ауыстыру бойынша ұсынымдар енгізілді.

Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-I Заңына арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдау-бөлу орнында немесе уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.
Сапар ҰАТ қатысушыларымен бірлесіп жүргізілді.