Кездесу барысында сотталғандардың құқықтарын қорғау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Ластаев ішкі істер министріне шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру, сондай-ақ сотталған әйелдердің жазасын өтеу жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар жолдағанын хабарладым.
Кездесу кезінде бірқатар өзекті мәселелер қозғалды: белгілі бір міндеттемелерді қабылдаған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және жазаны ауыстыруды қолдану, балалары бар әйелдерге қатысты пробациялық бақылау мерзімін қайта ұзарту, мүгедектігі бар не ауыр созылмалы аурулары бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге жазаны өтеуді кейінге қалдыру, оларға телефонмен сөйлесуге қосымша уақыт беру, қосымша шығу құқығын беру,салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі және өзге де мәселелер.
Сондай-ақ, тұтқындарды ұстау ісіндегі XXI ғасырдағы жалпыға бірдей танылған стандарттар болып табылатын Нельсон Мандела Ережелерінің негізгі қағидаттары туралы айттым.

2015 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы тұтқындармен жұмыс істеудің ең төменгі стандартты ережелерін бірауыздан қабылдады. Ол сондай-ақ ережелер 27 жылдан астам түрмеде отырған Оңтүстік Африканың марқұм Президентінің мұрасын құрметтеу үшін "Нельсон Мандела ережелері" деп аталуы керек деп мәлімдеді. Бұл Ережелер 122 тармақтан тұрады.
Терминалдардың жұмысын тексердім, жаңадан келген әйелдермен сөйлестім, асхананы араладым.