Қызмет алушылардың (88 адам) тұру жағдайлары қаралды.
Арнайы, медициналық қызмет көрсету сапасы, зейнетақы төлемдерін алу тәртібі бойынша қызмет алушылармен әңгімелестім. Күн тәртібі, бос уақытты ұйымдастыру, төсек-орынмен және киіммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Әрбір бөлімде және кездесу бөлмелерінде қызмет алушылар мен олардың туыстарын хабардар ету үшін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, облыстағы өкілдікке жүгіну тәртібі туралы ақпарат пен байланыс нөмірлері орналастырылған.
Заңды өкілдің қамқорлықтағы адамдардың тұрғын үйін сақтау бойынша өз міндеттерін орындауы, бейнебақылаудың жұмыс істеуі бойынша ұсынымдар енгізілді.
Естеріңізге сала кетейін, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес стационар жағдайында МӘМ-де тұратын және толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалған жәрдемақылар мен зейнетақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде төленеді.