Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Махмудпен кездесу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Махмудпен кездесу
Қылмыстық процесте адам құқықтарын қорғау және жазықсыз адамдарды қылмыстық қудалау орбитасына тартуды болдырмау мәселелерін талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтыплып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері қозғалды.
Азаптаулар үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде отандық заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкес келтіру саласында айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өттім.
Естеріңізге сала кетейін, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9-бабына сәйкес әр адамның бостандық пен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына ие. Ешкімді ерікті түрде қамауға алуға немесе тұтқындауға болмайды. Ешкім де бас бостандығынан заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес келмейтін жағдайда айырылмауы тиіс.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірдік.