Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша "Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-сіне барып келдім.
Орталық созылмалы психикалық аурулары бар азамаматтардың тұрақты тұруына арналған. Орталық 450 төсек орынға арналған (қазіргі кезде 443 қызмет алушы бар).
Қамқорлықтағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі туралы ұсынымдар енгізілді.
Қызмет алушылардың тұрғын үйінің сақталуы бойынша заңды өкілдерінің міндеттерін орындау мәселелері талқыланды. Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен көрсетілетін қызметті алушылардың туыстарымен онлайн-кездесу өткізуді жоспарладық.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2 бөлімшені қаралды, қызмет алушылармен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдармен әңгімелестім.