Мекемеде тұратындармен әңгімелесіп, қоғамда әлеуметтік бейімделу, жеке қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға көмек көрсету, тәрбиеленушілердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтау үшін жасалған жағдайларды талқыладық. Өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу мүмкіндігі туралы айтылды. Олардың әрқайсысының жеке баспанасы жоқ және олар баспана алу үшін кезекте тұрады. Бұған дейін мен балалардың тұру жағдайымен таныстым, жатын бөлмелердің жағдайына ерекше назар аударылды.