🔹Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент
қаласы бойынша өкілі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының
қызметкерлерімен сотталушы азаматты бірлесе жедел қабылдау жүргізді.
🔹17 ақпан 2025 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» туралы Конституциялық заңның 14 бабына сәйкес, арыз шағымды қарау барысында, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Б.Максут, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «№2 Қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының емхана жұмысына меңгерушісі Г.Нурбекова, ҚР ІІМ ҚАЖК №54 (әрі қарай-№54 мекеме) мекеме басшысының орынбасары С.Дүйсенов, №54 мекемесіндегі медицина бөлімінің меңгерушісі К.Саитовпен бірлесе осы №54 мекемде жазасын өтеуші сотталушымен жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді.
🔹Қабылдау барысында, арыз иесі, сотталушы өзінің денсаулығына шағым келтіріп, медициналық тексеруден өткізуін сұранды.
🔹Өз кезегінде, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, арызданушының келтірген барлық уәждерін тыңдап, сотталушыға қолданыстағы заңға сәйкес сапалы медициналық қызмет көрсетіндігін және толық медициналық тексеруден өткізетіндігіне ықпал жасайтындығын жеткізді.
🔹Арызданушының шағымда көрсетілген барлық уәждері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесімен құзырлы мемлекеттік органдардың өз ара бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде жедел түрде шешімі табылды.