Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі «№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орт»лығының» тәрбиеленуші балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына ықпал етті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі «№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орт»лығының» тәрбиеленуші балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына ықпал етті.

2024 жыл басында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі, Шымкент қаласы полиция департаментінің ғимаратында, Көші-Қон полиция басқармасының басшысы мен басқарма қызметкерлерінің тікелей қатысуымен «№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ (әрі қарай – мекеме) басшысының өтініші неігізінде бірлескен жедел қабылдау жүргізілген болатын.

Өтініш иесі Орталықта кәмелет жасына толмаған тәрбиеленуші балалар білім алып келетіндігін, алайда олардың ішінде 5 (бес) тәрбиеленуші балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ екендігін, олар кәмелет жасқа толған соң құжаттары болмаса, азаматтығы жоқ болса үлкен қиындықтар туғызатындығын жеткізді.

Қабылдау кезінде өкіл және миграциялық полиция қызметкерлері арызданушының барлық уәждерін тыңдап, ұсынылған барлық құжаттарымен танысып, балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығын заң жүзінде қалай алуға мүмкіндік берілетін жолдарын толықтай құқықтық түсініктер берді.

Өкілдің, құзырлы органдардың және мекеме басшылығының бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда Орталықтағы арызда көрсетілген кәмелет жасына толмаған барлық 5 тәрбиеленуші балаларға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді.

Арыз берушінің өтініші толықтай қанағаттандырылды. Бұл оқиға мемлекеттік органдардың жетім балалардың құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесудегі белсенді жұмысын көрсетеді. Бұл жедел және тиімді шешім балалардың болашағы үшін маңызды рөл атқарады.