Азаматтардың әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз ету туралы.

Азаматтардың әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз ету туралы.

Азаматтардың әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз ету туралы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтар үшін, өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

2024 жылы Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жұмыстары жалғасты.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге дейін көтерілді. Базалық зейнетақы 7%-ға, ал ынтымақтастық зейнетақысы 9%-ға өсті. Нәтижесінде 2,4 млн зейнетақы алушының зейнетақыларының мөлшері артып, орташа зейнетақы мөлшері 165 мың теңгені асып түсті.

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді, олар 2028 жылға дейін біртіндеп 5%-ға дейін артады.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды қолдау шаралары жүзеге асырылуда, кедейлік шегінен төмен табысы бар адамдар саны азайып келеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 78,1 мың отбасыдан 413,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

2023 жылы Қазақстанда әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкілдің лауазымы тағайындалуы маңызды оқиға болды. Бұл қадам мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешуге жүйелі түрде қарайтындығын және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға ұмтылатындығын көрсетеді.

2024 жылы Ұлттық құқық қорғау мекемесіне әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша 250 өтініш келіп түсті (2023 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есе артық). Өтініштер санының өсуінің бір себебі – Омбудсмен өкілдіктерінің жұмысын танымалдылығының артуы, өңірлерге осы санаттағы өтініштердің 70%-ы тиесілі.

Қарау қорытындысы бойынша 45 өтініш қанағаттандырылды, 170 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 35 өтініш құзыретті органдарға тексеру жүргізу және шара қабылдау үшін жолданды.

Бірқатар жағдайларда құқық қорғау мекемесі өтініш берушілердің құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етті.

Мысалы, Қызылорда облысы бойынша өкіл Облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерінің ұжымдық өтінішін қарау барысында уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алуға көмектесті. Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген 58 қызметкерге 6 млн теңгеден астам сомаға жарналар аударылды.

Кейбір жағдайларда өтініш берушілердің құқықтарын жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді.

Мысалы, жеке абилитация және реабилитация бағдарламасына сәйкес тифлотехникалық құралдарды сатып алу қарастырылған мүгедек азамат өтініш берді, бірақ Әлеуметтік қызметтер порталы аясында берілетін құралдар оған сәйкес келмеді.

Біздің жергілікті атқарушы органға жолдаған өтінішіміздің нәтижесінде өтініш берушіге демеушілік қаражат есебінен 6 млн теңгеден астам сомаға қажетті тифлотехникалық құралдар сатып алынды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы азаматтардың негізгі қажеттіліктерін қорғауға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға, тең мүмкіндіктер жасауға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға кепілдік береді.

Құқық қорғау мекемесі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтардың әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз ету бойынша әрі қарай шаралар қабылдайды.